МТГУ Кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына арналған жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу кезінде кітапхана қызметін ұйымдастырудың күнделікті жұмысына цифрлық құралдарды енгізу мәселелері талқыланды. Қатысушылар оқу мәдениетін насихаттау, кітапхана қызметінің тиімділігін арттыру және оқырмандарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы заманауи цифрлық шешімдер бойынша пікір алмасты.