меню
Іздеу
27.04.2026
«Болашақ» командасының олимпиададағы жетістіктері

Біздің «Болашақ» командасының студенттері экономика пәні бойынша өткен XVIII Республикалық пәндік олимпиадада университетіміздің намысын абыроймен қорғады.

Әсіресе олардың шешендік өнері мен дайындық деңгейін ерекше атап өткіміз келеді: білім алушылар Ниязов Ильмурат пен Искаков Әділет қорғау нәтижесі бойынша «Үздік презентация және қорғау» номинациясын иеленіп, үздік спикерлер деп танылды!

Бұл студенттердің де, олардың жетекшілерінің де үлкен еңбегінің нәтижесі. Команданы және ғылыми жетекшілер Мылтыкбаева А.Т., Апиев К.С. және Кабылбаева Л.С.-ны осы жетістіктерімен құттықтаймыз!