БЕЛБЕУ КҮРЕС
Тұрсынәлі Алишер Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен өткен БЕЛБЕУ КҮРЕС чемпионатында 65 салмақ дәрежесінде 3 орын жеңіп алды! 🥉👏 Бұл тамаша жетістігімен Алишерді құттықтаймыз!
Сонымен қатар, Алишер Қазақ спорт және туризм академиясының 80 жылдық мерейтойына арналған Алматы қаласының ЖОО студенттері арасында қазақ күресінен академияның ашық біріншілігінде 66 кг салмақ дәрежесінде 1 орын иеленді! 🥇💪
Алишер МТГУ университетінде құқық мамандығының 1 курс студенті. Ол сабақта да үздік. Университетіміз Алишердің жетістіктерімен мақтанады және әрқашан қолдайды!
Жаңа жеңістерге жетуіңе тілектеспіз! 🎉💖