Орталықтың негізгі міндеттері
1. Стратегия және Бренд менеджмент
- Нарық пен бәсекелестік ортаны талдау негізінде университеттің маркетингтік стратегиясын қалыптастыру және жаңарту.
- Университет брендінің танымалдылығын арттыру, оқу орнының құндылықтары мен жетістіктерін қоғамға паш ету.
- Білім беру бағдарламаларын ілгерілету үшін цифрлық науқандар мен имидждік жобаларды жүзеге асыру.
2. Кәсіптік бағдар және Рекрутинг
- Талапкерлерді тартудың толық циклін (воронка) басқару: қызығушылық тудырудан бастап студент қатарына қосылғанға дейін.
- Облыс, қала, аудан мектеп түлектерімен жүйелі жұмыс жүргізу, мобильді топтардың іссапарларын ұйымдастыру.
- CRM-жүйесін қолдана отырып, абитуриенттермен сапалы кері байланыс орнату және консультация беру.
3. Іс-шаралар және Жобалар
- «Ашық есік» күндерін, мамандықтар жәрмеңкесін және тақырыптық сессияларды ұйымдастыру.
- Мектеп және колледж оқушыларына арналған ғылыми жобалар, пәндік олимпиадалар мен шығармашылық байқаулар өткізу.
- Мектеп директорларымен және сынып жетекшілерімен серіктестік байланыс орнату.
4. Медиа және PR
- Бірыңғай медиа-жоспарлау: SMM, таргетинг, ресми сайт және БАҚ-пен жұмыс.
- Баспасөз релиздерін дайындау, сұхбаттар ұйымдастыру және университеттің оң имиджін қалыптастыру.
- Сапалы контент (бейнероликтер, презентациялар, буклеттер) әзірлеу.
5. Қабылдау комиссиясы және Аналитика
- Қабылдау комиссиясының жұмысын техникалық және ақпараттық тұрғыдан толық қамтамасыз ету.
- Маркетингтік белсенділіктердің тиімділігін (ROI), қабылдау статистикасын және конверсияны тұрақты түрде талдау.