меню
Іздеу
Оқу бөлімі

Оқу бөлімінің қызметінің мақсаты – білім беру процесін тиімді басқару және оны үнемі жетілдіру, сондай-ақ білім алушыларды даярлау сапасын және оқу процесінің нәтижелілігін арттыруға бағытталған заманауи озық технологиялар мен құралдарды енгізу.

Оқу бөлімінің бастығы

АКАНОВА ЖАЗИРА ЖАНАБАЕВНА – ассистент, қауымдастырылған профессор, т.ғ.к.

Байланыс деректері: Алматы, Жетісу-1 ш/а, 32а үй, 1-корпус, 215-каб

e-mail: zhazira.zhanabaevna@mtgu.edu.kz
Тел.: 8(727) 376-74-78 (ішкі 548)

Оқу бөлімінің негізгі міндеттері

Оқу бөлімінің негізгі міндеттері:

  • университетте оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру;
  • кафедралардың оқу қызметін үйлестіру;
  • білім беру қызметін нормативтік-ақпараттық қамтамасыз ету;
  • оқу үдерісінің жүзеге асырылуын бақылау.
Оқу бөлімінің функциялары

Жүктелген міндеттерге сәйкес оқу бөлімі келесі функцияларды орындайды:

  • бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарларын (ЖОЖ) қалыптастыру;
  • академиялық күнтізбе мен оқу кестесін әзірлеуді ұйымдастыру және бекітуге ұсыну;
  • оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) педагогикалық жүктемесін есептеу материалдарын дайындау;
  • ПОҚ штаттық санының динамикасын есепке алу және жедел реттеу;
  • ПОҚ-тың жеке жоспарларына сәйкес педагогикалық жүктемесінің орындалуын бақылау;
  • бекітілген сабақ кестесіне сәйкес ПОҚ-тың барлық оқу сабақ түрлерін өткізуін бақылау;
  • нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
  • оқу құжаттамасын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен және «ХКГУ» талаптарымен келістіру, сондай-ақ белгіленген талаптардың сақталуын бақылау;
  • «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтихан комиссиясының құрамын және бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізуге арналған аттестаттау комиссияларын бекіту туралы бұйрық жобаларын дайындау;
  • рецензенттер тізімін бекіту туралы бұйрық жобаларын дайындау;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының ЖОЖ-ындағы пәндерді бекіту туралы бұйрық жобаларын дайындау;
  • кәсіби стандарттарды ескере отырып, жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуге әдістемелік және ұйымдастырушылық сүйемелдеу көрсету;
  • білім беру бағдарламалары бойынша элективті пәндер каталогын (ЭПК) қалыптастыруды үйлестіру, әдістемелік және ұйымдастырушылық сүйемелдеу және бақылау;
  • бітіруші кафедралардың бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламаларын әзірлеу, Тізілімге енгізу және жаңарту қызметін үйлестіру;
  • білім беру қызметінің біліктілік талаптарына және аккредиттеу талаптарына сәйкестігін бақылау;
  • оқу жүктемесін есептеу және профессор-оқытушылар құрамының штаттық кестесінің жобасын әзірлеу;
  • оқу үдерісінің бекітілген сабақ кестесіне сәйкестігін бақылау;
  • профессор-оқытушылар құрамының жеке жоспарларының орындалуын талдау және бақылау.
ОҚУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ


Турдахын Жансая 
Дауренқызы
Жетекші маман


e-mail: turdakhyn-zhansaya@mtgu.edu.kz

Кабланбекова Айнур 
Рахманкуловна
Бас маман


e-mail: kablanbekova-ainur@mtgu.edu.kz

Шегенова Гаухар 
Куанышбаевна
Маман


e-mail: shegenova-gaukhar@mtgu.edu.kz


Кожабекова Ардак 
Акатаевна
Жетекші маман


e-mail: kozhabekova-ardak@mtgu.edu.kz

Джамбулова Меруерт 
Амангалиевна
Жетекші маман


e-mail: dzhambulova-meruert@mtgu.edu.kz