меню
Іздеу
БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ БӨЛІМІ

Білім беруді цифрландыру бөлімі – университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және білім беру процесіне цифрлық технологияларды енгізуді, дамытуды және сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Бөлімнің негізгі мақсаты – білім сапасын арттыруға, академиялық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етуге және университетті басқарудың тиімділігін көтеруге бағытталған заманауи цифрлық білім беру ортасын қалыптастыру.


БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
  • азаматтардың білім алу құқығын іске асыру барысында цифрлық технологияларды пайдалана отырып білім беру қызметтерін ұсыну тәсілдерін кеңейту;
  • университеттің бірыңғай цифрлық білім беру ортасын қалыптастыру және дамыту;
  • оқу үдерісін автоматтандыру мен басқаруға заманауи ақпараттық технологияларды енгізу;
  • автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді (Platonus, Platonus.Academy және т.б.) енгізу, әкімшілендіру және сүйемелдеу;
  • оқытудың барлық нысандары бойынша білім беру процесінде ақпараттық технологияларды қолданудың нормативтік, әдістемелік және ұйымдастырушылық тетіктерін әзірлеу;
  • академиялық үдерістерді цифрландыру (пәндерге тіркелу, тестілеу, академиялық ұтқырлық, үлгерімді есепке алу және т.б.);
  • білім беру қызметінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету;
  • университеттің ақпараттық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастырушылық-техникалық және педагогикалық әлеуетін арттыру;
  • білім беруді цифрлық трансформациялау саласындағы озық тәжірибені жинақтау және тарату;
  • университеттің зияткерлік, кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру;
  • тьюторларды даярлауды ұйымдастыру және қызметкерлердің цифрлық білім беру технологиялары саласындағы біліктілігін арттыру іс-шараларын өткізу.
БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ
  • оқытудың барлық деңгейлері мен нысандары бойынша білім беру процесінде ақпараттық технологияларды қолдану әдістемелерін әзірлеу және жаңарту;
  • университеттің ақпараттық жүйелерін әкімшілендіру, дамыту және сүйемелдеу;
  • университеттің ақпараттық жүйелерін мемлекеттік және сыртқы білім беру платформаларымен интеграциялауды қамтамасыз ету;
  • білім беруді цифрландыру және ақпараттандыру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • онлайн-тестілеу және электрондық аттестаттау үдерістерін ұйымдастыру және сүйемелдеу;
  • оқу процесін цифрландыру мәселелері бойынша кафедралар мен құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік және консультациялық қолдау көрсету;
  • білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамын ақпараттық жүйелермен және білім беру платформаларымен жұмыс істеуге оқыту;
  • оқу жоспарларын, жеке оқу жоспарларын (ЖОЖ), ПОҚ жүктемесін ақпараттық жүйелерде қалыптастыру үдерістерін сүйемелдеу;
  • білім алушыларды пәндерге тіркеу үдерістеріне техникалық қолдау көрсету;
  • Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы (ЖБББП) және басқа мемлекеттік ақпараттық ресурстардағы деректердің дұрыстығы мен толықтығын мониторингтеу;
  • электрондық білім беру ресурстарын сақтау, жүйелеу, каталогтау және жаңарту жұмыстарын қолдау;
  • білім беру процесіне жаңа бағдарламалық және техникалық құралдарды енгізу мәселелері бойынша ПОҚ пен қызметкерлерге консультация беру.
Контактілер

Сайлаубайулы Самат

Тел: 8(727) 376 7478 (вн.530)

Құжаттар
"PLATONUS" АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
"PLATONUS" АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
БІЛІМ АЛУШЫҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ "PLATONUS" АЖ "ТАПСЫРМАЛАР"МОДУЛІ
"PLATONUS" АЖ-ДА ОҚУ ПӘНДЕРІНЕ ТІРКЕЛУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
"PLATONUS ACADEMY" АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
"PLATONUS ACADEMY" АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ТЫҢДАУШЫҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
Пайдалы сілтемелер