меню
Іздеу
КАФЕДРА ТУРАЛЫ:

«Көліктегі автоматтандыру және электрэнергетика» кафедрасы (бұдан әрі – КАжЭ) – бітіруші кафедра болып табылады және жоғары кәсіби білімді мамандарды даярлайды.

КАжЭ кафедрасының мақсаты – автоматтандырылған басқару жүйелері мен электрэнергетика саласында заманауи техникалық және бағдарламалық шешімдерді жобалай, енгізе және пайдалана алатын жоғары білікті мамандарды даярлау.

КАжЭ кафедрасының миссиясы – бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау және автоматтандыру мен электрэнергетика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту.

КАжЭ кафедрасын PhD докторы (ҚР БҒМ БҒССҚК), МТГУ-дың ассоциирленген профессоры, Халықаралық ақпараттандыру академиясының (МАИН) академигі Оралбекова Аяулым Оралбекқызы басқарады.

Оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін кафедрада келесі профессорлық-оқытушылық құрам жұмыс істейді:
– төрт техника ғылымдарының докторы;
– үш PhD докторы;
– он бір техника ғылымдарының кандидаты;
– тоғыз магистр.

Кафедраның негізгі қызметі – бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету, жаңа білім беру технологияларын қолдана отырып, білім алуға және біліктілікті арттыруға деген сұранысты қанағаттандыру, сондай-ақ оқу процесінің сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету болып табылады.

«АиЭТ» кафедрасының оқытушылары жыл сайын сертификатталған ұйымдарда біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Атап айтқанда, профессор М.А. Бонч-Бруевич атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік телекоммуникациялар университетінде (Ресей), сондай-ақ Мәскеу қаласындағы «Теміржол көлігіндегі білім беру жөніндегі оқу-әдістемелік орталық» мемлекеттік білім беру мекемесінде және отандық ұйымдарда.


КАФЕДРЫ ОҚЫТУШЫЛАРЫ:

КАжЭ кафедра меңгерушісі – доктор PhD, қауымдастырылған профессор Оралбекова Аяулым Оралбековна

Султангазинов Сулеймен Казиманович

Профессор, д.т.н.

Кадыров Жаннат Нургалиевич

Профессор, д.т.н.

Садыков Турлан Хамзинович

Профессор, д.ф.-м.н.

 

 

 

Матаев Умирбек Матаевич

Қауымдастырылған профессор (доцент), к.т.н

Омаров Толубай

Қауымдастырылған профессор (доцент), к.т.н

Крякунова Ольга Николаевна

Қауымдастырылған профессор (доцент), к.ф.-м.н.

 

 

 

Турсымбекова Закира Жамбыловна

Қауымдастырылған профессор (доцент), к.т.н.

Табултаев Сайын Сейдинкожаевич

Қауымдастырылған профессор (доцент), к.т.н.

Абуова Акбала Камидоллаевна

Қауымдастырылған профессор (доцент), доктор PhD 

Шагиахметов Данияр Равилович

Қауымдастырылған профессордың ассистенті, к.т.н.

Рустамбекова Камила Капсаламатовна

Аға оқытушы, магистр

Есеналиева Динара Аскаровна

Аға оқытушы, магистр

Инсепов Даурен Галимжанович

Аға оқытушы, магистр

Игибаев Куанышбек Жуманкулович

Аға оқытушы, магистр

Тулепбек Надира Тулепбекқызы

Аға оқытушы, магистр

Мухаметнурова Асель Нурлановна

Аға оқытушы, магистр

Ахметқазы Қуат Қайратұлы

Аға оқытушы, магистр

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ:

«Көліктегі автоматтандыру және электрэнергетика» кафедрасы жоғары кәсіби білімді мамандарды төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша даярлайды:

Бакалавриат бағдарламалары:
6В07101Автоматтандыру және басқару;
6В07103Электрэнергетика.
2025 жылы жұмыс берушілердің сұранысы бойынша 6В07102 – «IT–Энергетика» жаңа білім беру бағдарламасы ашылды.

Қазіргі уақытта кафедрада магистранттарды төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жүргізіледі:

Магистратура бағдарламалары:
7М07103Автоматтандыру және басқару (ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл);
7М07104Автоматтандыру және басқару (бейіндік даярлау – 1,5 жыл);
7М07100Электрэнергетика (ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл);
7М07101Электрэнергетика (бейіндік даярлау – 1,5 жыл).

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ:

«КАжЭ» кафедрасында «Интеграцияланған басқару және автоматтандыру жүйелері арқылы биогазды тасымалдау тиімділігін оңтайландыру» тақырыбы бойынша ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК-КОНСТРУКТОРЛЫҚ ЖҰМЫСТАР (ҒЗТКЖ) жүргізілуде. Бұл жұмыстарға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы студенттер мен магистранттармен бірлесе қатысады. Жобаның ғылыми жетекшісі – PhD докторы Оралбекова Аяулым Оралбекқызы.

Сонымен қатар, ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРІН «ЖАС ҒАЛЫМ» ЖОБАСЫ аясында гранттық қаржыландыру жүзеге асырылуда. Жобаның тақырыбы – «Жоғары жылдамдықты көлік құралдарының технологиялық үдерістерін детекциялаудың автоматтандырылған жүйелері». Жобаның ғылыми жетекшісі – PhD докторы Оралбекова Аяулым Оралбекқызы.

Оқу процесінде қолданылатын жұмыс оқу бағдарламалары мен әдістемелік әзірлемелердің сапасы жоғары мектептің нормативтік талаптарына сәйкес келеді. Жалпы алғанда, білім беру бағдарламалары пәндері бойынша өткізілетін барлық сабақ түрлері (семинарлар, практикалық сабақтар, дипломдық жобалар (жұмыстар) тиісті оқу-әдістемелік әдебиеттермен толық қамтамасыз етілген.

Кафедралық жоспарға сәйкес профессорлық-оқытушылық құрамның ашық сабақтары мен өзара сабаққа қатысулары жыл сайын өткізіледі.

Кафедра оқытушылары жыл сайын оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқаулар, сондай-ақ халықаралық конференциялар жинақтарында және Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда мақалалар жариялайды. Атап айтқанда, Web of Science дерекқорындағы импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартильге кіретін немесе Scopus дерекқорында CiteScore пайыздық көрсеткіші бар журналдарда жарияланымдар жүзеге асырылады.

2025 жылы Ғылым және инновациялар апталығы аясында студенттермен кездесулерді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны, елеулі дайындық пен белсенді жұмысы үшін «АиЭТ» кафедрасы «Үздік кафедра» номинациясымен марапатталды.


ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Оқу процесінде 6В07101 – «Автоматтандыру және басқару» және 6В07103 – «Электрэнергетика» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды даярлау үшін мамандандырылған зертханалар пайдаланылады.

Кафедрада төмендегі зертханалар бар:

  • «Электрониканың теориялық негіздері» оқу зертханасы;
  • «Автоматтандыру және электрмен жабдықтау жүйелері» ғылыми-зерттеу зертханасы;
  • «Теміржол көлігіндегі автоматтандыру және диспетчерлеу» ғылыми-зерттеу зертханасы;
  • «Электроника және автоматика негіздері» оқу зертханасы;
  • «Электр машиналары және электрэнергетикалық жүйелер» оқу зертханасы;
  • «Электрлік өлшеулер» оқу зертханасы;
  • «Цифрлық техника және дискретті құрылғылар негіздері» оқу зертханасы;
  • «Аралықтардағы автоматика және телемеханика» оқу зертханасы;
  • «Электр тізбектері теориясы» оқу зертханасы;
  • «Цифрлық құрылғылар және автоматика элементтері» оқу зертханасы.
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕР:

Кафедра білім алушылардың практикалық даярлығына ерекше мән береді, кәсіби практикаларды ұйымдастыру және өткізу, практика базаларын іріктеу, оларды әдістемелік қамтамасыз ету, басшылық жасау және бақылау бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Практика базаларының нысандары қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді, өңірдегі әртүрлі меншік нысанындағы ірі кәсіпорындармен келісімшарттар жасалған.
Қосымша тәжірибе алу мақсатында оқуға жіберу Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарымен жасалған шарттар негізінде, Президенттің бұйрығымен құрылған үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның шешімі бойынша жүзеге асырылады. Комиссия құрамында студенттік өкіл де бар.
Қазіргі уақытта кафедра Қазақстан Республикасының басқа жоғары оқу орындарымен білім алушылардың барлық практика түрлерінен өтуі және академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді келісімшарттарға ие.
Сондай-ақ оқу үдерісінің практикалық бағытын күшейту мақсатында студенттер өндіріс орындарында практикалық және зертханалық сабақтардан өтеді.
Кафедра төмендегі өндірістік және білім беру ұйымдарымен ынтымақтасады:

  1. «ҚТЖ» ҰК» АҚ
    «Алматы сигнализация және байланыс дистанциясы», ШЧ-33;
  2. «ҚТЖ» ҰК» АҚ
    «Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы», ЭЧ-19;
  3. «ҚТЖ» ҰК» АҚ
    «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі», «Шу электрмен жабдықтау дистанциясы», ЭЧ-22;
  4. «ҚТЖ» ҰК» АҚ
    «Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясы», ЭЧ-24;
  5. «Қазақтелеком» АҚ, Алматы қ.;
  6. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ;
  7. «Физика-техникалық институт» ЖШС;
  8. «АлЭС» АҚ;
  9. «Электр жүйелеріне қызмет көрсету компаниясы» ЖШС;
  10. «Промстрой-Энерго» ЖШС;
  11. Еуразиялық технологиялық университет;
  12. «Қазақ-Орыс Халықаралық университеті» халықаралық жоғары оқу орны ЖШС;
  13. С. Баишев атындағы Ақтөбе университеті және т.б.


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕР

     2025–2026 оқу жылында Erasmus+ бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлық бойынша екі халықаралық білім беру жобасы жасалды. Бұл жобалар халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, студенттер, оқытушылар мен әкімшілік персонал арасындағы академиялық алмасуды кеңейтуге, сондай-ақ кафедраның білім беру бағдарламаларының даярлау бағыттары бойынша білім беру сапасын арттыруға бағытталған. Барлық келісімдер Еуропа мен Түркияның озық ғылыми зерттеулер, инженерлік технологиялар және менеджмент орталықтары ретінде танылған жетекші университеттерімен бірлесіп жүзеге асырылады.

 Erasmus+ Бағдарламасы бойынша серіктес университеттер

Erasmus+ бағдарламасының негізгі мақсаттарына мыналар жатады:

  • Еуропалық және халықаралық білім сапасын арттыру;
  • Академиялық мобильділікті және мәдени алмасуды дамыту;
  • Студенттердің халықаралық құзыреттерін қалыптастыру;
  • Оқытушылар мен әкімшілік персоналдың біліктілігін арттыру;
  • Университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және білім беру стандарттарын интеграциялау.


Халықаралық қауымдастықтар

2025 жылы Университет үш маңызды халықаралық ұйымның мүшесі болды, бұл оның академиялық және ғылыми әлеуетінің халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетеді:

Қазақстан Республикасы мен шетелдік жоғары оқу орындары арасындағы білім беру және ғылыми қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық туралы жасалған келісімдерге сәйкес — Украина, Киев қ. «Ұлттық биоресурстар және табиғатты пайдалану университеті», Қырғыз Республикасы, Бішкек қ. И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті, Польша, Люблин қ. Люблин техникалық университеті, Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қ. профессор М.А. Бонч-Бруевич атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік телекоммуникациялар университеті, Өзбекстан, Ташкент қ. Альфраганус университетімен жыл сайын төмендегі іс-шаралар жүзеге асырылады:

- жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламаларымен, оқу-әдістемелік әзірлемелермен өзара алмасу;

- академиялық ұтқырлық аясында тағылымдамадан өту және оқу сабақтарын өткізу мақсатында профессорлық-оқытушылық құраммен алмасу;

- ғылыми зерттеулер бойынша ақпараттық материалдармен алмасу және ғылыми еңбектер жинақтарын шығару.

ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Кафедраның білім беру бағдарламалары түлектерінің 85%-дан астамы мамандығы бойынша жұмысқа орналасады.

«Электроэнергетика» білім беру бағдарламасының түлектері келесі жетекші энергетикалық ұйымдарда еңбек ете алады:
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Талдықорған акционерлік – көлік электржелілік компаниясы» АҚ, KEGOK АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматы Қала Жарық» ШЖҚ МКК, «Teslo» ЖШС, «Қайнар‑Проект» ЖШС, «АлЭС» АҚ, жылу электр орталықтары (ЖЭО), өңірлік электр желілік компаниялар (РЭК) және басқа да ұйымдар.

Түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштері:

  • 2025 жыл бойынша:
    • ОП 6В07101 – «Автоматтандыру және басқару» – 83%;
    • ОП 6В07103 – «Электроэнергетика» – 84%;
    • ОП 7М07103, 7М07104 – «Автоматтандыру және басқару» – 85%;
    • ОП 7М07100, 7М07101 – «Электроэнергетика» – 86%.
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:

Адрес: қ. Алматы ықш.ауд. Жетысу – 1, 32а;

Корпус №2, кабинет - 404, қабат 4

+7(727)376-74-78 (вн. тел: 588)

Кафедра меңгерушісі: +7(707)775-27-66

e-mail: kafedra.aiet.2020@gmail.com


Инстаграм:

Құжаттар
Повышение квалификации ППС
Достижение студентов
ВЫПУСКНИКИ
ПРОВЕДЕНИЕ ОТКРЫТЫХ УРОКОВ И ВЗАИМОПОСЕЩЕНИЙ
ПРОВЕДЕНИЕ УРОКОВ С ПОМОЩЬЮ НАГЛЯДНЫХ ПОСОБИИ И ЛАБОРАТОРНЫХ СТЕНДОВ
АО «НАЦИОНАЛЬНАЯ КОМПАНИЯ «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» АЛМАТИНСКАЯ ДИСТАНЦИЯ ЭЛЕКТРОСНАБЖЕНИЯ ЭЧ-19»
АО «НАЦИОНАЛЬНАЯ КОМПАНИЯ «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» АЛМАТИНСКАЯ ДИСТАНЦИЯ СИГНАЛИЗАЦИИ И СВЯЗИ, ШЧ-33»
СОЛНЕЧНАЯ ЭЛЕКТРОСТАНЦИЯ Г.КОНАЕВ
POWEREXPO ALMATY ВЫСТАВКА ЭНЕРГЕТИКОВ
ТОО ALAGEUM ELECTRIC «АЛМАТИНСКИЙ ЭЛЕКТРОМЕХАНИЧЕСКИЙ ЗАВОД»
XXII МЕЖДУНАРОДНАЯ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ НА ТЕМУ «РАЗВИТИЕ АВТОМАТИЗИРОВАННЫХ ИНФОРМАЦИОННЫХ СИСТЕМ И АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ РАДИОТЕХНИКИ, ТЕЛЕКОММУНИКАЦИИ И ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКИ»
ПРОВЕДЕНИЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ПРАЗДНИКА «ДЕНЬ ЭНЕРГЕТИКИ»
ПРОВЕДЕНИЕ КУЛЬТУРНО-МАССОВЫХ МЕРОПРИЯТИИ
СОВМЕСТНЫЙ ДОСУГ ПРЕПОДАВАТЕЛЕЙ И СТУДЕНТОВ
ГОРОДСКОЙ СУББОТНИК «ЧИСТЫЙ ГОРОД – ЧИСТЫЙ ВОЗДУХ»
В ЗДОРОВОМ ТЕЛЕ – ЗДОРОВЫЙ ДУХ
Аккредитация