меню
Іздеу
22.03.2024
Наурыз құтты болсын!

Бүгін - көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.

Дәстүр бойынша оқу орынымыз Әуезов ауданы әкімшілігінің ұйымдастырумен өткен Әз-Наурыз мерекесіне қатысып, студенттеріміз салт дәстүр көрсетіп “Ең үздік- Қазақ үй”номинациясы бойынша Жүлдел І орын иеленді. Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы елімізге құт - береке әкелсін!

Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!