БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ:
6В06102 Ақпараттық жүйелер
«Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы — қазіргі уақытта ең өзекті және сұранысқа ие бағдарламалардың бірі болып табылады. Бұл бағдарлама студенттерге ұйымдар мен электронды кәсіпорындарда заманауи ақпараттық жүйелерді жобалау, енгізу және қызмет көрсету дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, студенттер заманауи модельдер, әдістер және электронды бизнесті жобалаудың технологиялары, сандық экономика әдістері, ақпараттық жүйені әзірлеу, енгізу және жұмыс істеу тиімділігін талдау мен бағалау әдістерін де игереді.
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
6В06113 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Бұл білім беру бағдарламасы есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы теориялық және алгоритмдік негіздерден бастап, алдыңғы қатарлы әзірлемелерді қамтиды. Студенттер бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді және енгізуді, күрделі бағдарламалық мәселелерді шешуді және басқа әзірлеушілермен өзара әрекеттесуді үйренеді, жаңа тәсілдер мен технологиялар туралы оларды хабардар етеді. Бұл бағдарлама бағдарламалау саласын сүйетіндерге, заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеу әдістерін, әр түрлі ауқымдағы желілік технологияларды және әртүрлі мақсаттағы ақпараттық жүйелерді басқаруды еркін меңгергісі келетіндерге арналған.
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
6В06200 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
Бұл білім беру бағдарламасы заманауи телекоммуникациялық жүйелердің құрылымы және ұлттық және трансұлттық инфокоммуникациялық желілердің даму үрдістері туралы түсінік береді. Оқыту процесінде алынған білім мен дағдылар студенттерге Қазақстан мен шетелдердегі ірі телекоммуникациялық компанияларда инженерлік-техникалық қызметкерлер ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл мамандар байланыс желілерін жобалау, құру, қызмет көрсету және пайдалану, деректерді беру желілері, ақпараттық-есептеу желілері, радио байланыс желілері, оның ішінде теледидар және радиотарату салаларында жұмыс істей алады.
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
7М06127/8 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Білім беру бағдарламасы магистранттарды ақпараттық технологиялар және есептеу техникасы саласындағы ғылым мен кәсіби қызметке қатысты концептуалды біліммен даярлайды. Магистранттар ғылыми және инновациялық қызметті жүзеге асыру арқылы кәсіби салада жаңа білімдер алуға және зерттеу аясында қойылған міндеттерді шешу үшін модельдеу әдістерін қолдануға қабілетті болады. Олар ақпаратты өңдеу және басқару үшін жоғары өнімді бөлінген есептеу жүйелерін жобалауға, әзірлеуге және пайдалануға қабілетті, зерттеу объектілерінің жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған қызметті жүзеге асырады.
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2ж
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 1.5ж
7М06202/1 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
Оқу барысында студенттер қазіргі басқару құралдары, математикалық және инженерлік есептеулер саласындағы білім алады, сондай-ақ қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға қажетті құзыреттерді меңгереді. Олар радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласында кадрларды кәсіби даярлау бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті білім мен дағдыларды алады, сонымен қатар радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласында білімін біріктіру, оқуын жалғастыру және біліктілігін арттыру үшін қажетті дағдыларға ие болады. Жүйелер мен деректерді беру құрылғыларының өнімділігін арттыруға, объектілерді басқарудың электрондық және компьютерлік жүйелерін жобалауға, ақпаратты түрлендірудің тиімді әдістерін дамытуға үлкен назар аударылады.
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 2ж
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 1.5ж