![]() |
Университет туралы
Жарғы негізінде «Қазақ қатынас жолдары университеті» мекемесі 2000 жылы коммерциялық және үкіметтік емес ұйым ретінде құрылды, 2000 жылы 15 маусымынан заңды тұлға ретінде № 33600-1910-У сериясы В №0332485 мемлекеттік тіркеу туралы куәлік етеді, 2000 жылдың 15 маусымынан статистикалық карточка құрылды, 2001 жылдың 14 мамырынан ЖСН 600700 207 749, көлік және коммуникация кешені, құрылыс және ҚР экономикасының басқа да салалары үшін мамандар дайындайды. Көп салалы шаруашылық болып табылатын, көлік секторына мыңдаған әртүрлі мекемелер кіреді, ол әр салаға қажетті мамандарды қамтып отырады. Бұл қозғалыс ұйымы, вагоншылар, локомотившілер, жол серікшілер, байланысшылар, автомобилисттер, ақпараттық жүйелер және байланыс, энергетиктер, қаржыгерлер, бухгалтерлер және басқа да көптеген сала мамандарының ұйымдастырушылары болып табылады.
Университет 05.29.2015 жылдан бастап № KZ58LAA00004977 қайта рәсімделген, оның мемлекеттік лицензиясы бар.
Омаров Амангелді Джумагалиевич - 2003 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық көлік академиясының академигі болып табылады.
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы көлік секторында іскерлік даму кезеңінен өткен жетекші ғалымдар мен көлік жүйесінің тәжірбиелі қызметкерлерінен құралған.
ҚҚЖУ жоғары білім беру саласының қазіргі заманғы әлемдік стандартына сай, ол ҚР БҒМ мемлекеттік аттестациясынан 2004, 2008, 2013, 2015 жылдары сәтті өтті.
Қазақ қатынас жолдары университеті жанында Техника-экономикалық колледжі және Астана техника-экономикалық колледжі жұмыс жасайды, онда көліктік-коммуникациялық кешеніне қажетті мамандық алуға мүмкіндік туғызады, ал болашақта – университеттен жоғары білім алады.
Қазіргі уақытта Қазақ қатынас жолдары университеті бакалавриат бойынша 15 мамандық, магистратура бойынша 10 мамандық және PhD докторантура бойынша 4 мамандық дайындауда.
2004 жылдан 2011 жылға дейін университетте: 05.22.06 – темір жол, темір жолды зерделеу және жобалау және 05.05.04.- жол, құрылыс және көтергіш -тасымалдау машиналары мамандықтары бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі мамандандырылған диссертациялық кеңес қызмет жасады.
Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігінде тіркелген «Қазақстан Өнеркәсіптік көлік» журналы және «Экспресс TЖ» газеті ҚҚЖУ-да шығып тұрады.
Университет сонымен қатар, мынандай жоғары оқу орындарымен серіктестік байланыс орнатқан: Көлік университеті Чун Цин (ҚХР), Техникалық университеті Варна қ. (Болгария), Люблиндік техникалық университеті (Польша), Қолданбалы ғылымдар техникалық университеті Вилдау қ.(Германия), Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті , М.А.Бонч-Бруевича атындағы Санкт-Петербургск мемлекеттік телекоммуникациялық университеті , Мәскеу мемлекеттік қатынас жолдар университеті (ММҚЖУ), Петербургск мемлекеттік қатынас жолдар университеті (ПМҚЖУ), Сібір мемлекеттік автомобильді-жолдар академиямы (СібАЖА), Ташкент темір жол көлігінің инженерлері институты (ТашТКИИ), Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университеті (ҚМҚКСУ) және т.б.
УНИВЕРСИТЕТ МІНДЕТТЕРІ
Университеттің стратегиялық міндеттері:
АККРЕДИТАЦИЯ:
Қазақ қатынас жолдары университеті аккредиттелген ЖОО мәртебесіне ие.
Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (БСҚА) Аккредиттеу Кеңесінің шешімімен Қазақ қатынас жолдары университеті 2021 жылға дейін аккредиттелді:
Біздің университетпен Виртуалды тур арқылы таныса аласыздар
Учебные корпуса № 1
Тел: 376-74-78 (внутр. 515); Факс: 376-74-81 Электронный адрес: info@kups.edu.kz Адрес:050063, Республика Казахстан, г.Алматы, мкрн. Жетысу-1, д.32а, мкрн.
Учебный корпус №4
Тел: 299-49-69 Электронный адрес: info@kups.edu.kz Адрес:050063, Республика Казахстан, г.Алматы, мкрн. Мамыр-1, улица Шаляпина д.21/1