![]() |
Университет туралы
Жарғы негізінде «Қазақ қатынас жолдары университеті» мекемесі 2000 жылы коммерциялық және үкіметтік емес ұйым ретінде құрылды, 2000 жылы 15 маусымынан заңды тұлға ретінде № 33600-1910-У сериясы В №0332485 мемлекеттік тіркеу туралы куәлік етеді, 2000 жылдың 15 маусымынан статистикалық карточка құрылды, көлік және коммуникация кешені, құрылыс және ҚР экономикасының басқа да салалары үшін мамандар дайындайды. Көп салалы шаруашылық болып табылатын, көлік секторына мыңдаған әртүрлі мекемелер кіреді, ол әр салаға қажетті мамандарды қамтып отырады. Бұл қозғалыс ұйымы, вагоншылар, локомотившілер, жол серікшілер, байланысшылар, автомобилисттер, ақпараттық жүйелер және байланыс, энергетиктер, қаржыгерлер, бухгалтерлер және басқа да көптеген сала мамандарының ұйымдастырушылары болып табылады.
Университет 12.09.2022 жылдан бастап № KZ22LAA00032591 қайта рәсімделген, оның мемлекеттік лицензиясы бар.
Омаров Амангелді Джумагалиевич - 2003 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін университет президенті, техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық көлік академиясының академигі болып табылады.
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы көлік секторында іскерлік даму кезеңінен өткен жетекші ғалымдар мен көлік жүйесінің тәжірбиелі қызметкерлерінен құралған.
ХКГУ жоғары білім беру саласының қазіргі заманғы әлемдік стандартына сай, ол ҚР БҒМ мемлекеттік аттестациясынан 2004, 2008, 2013, 2015 жылдары сәтті өтті.
Халықаралық көліктік гуманитарлық университеті жанында Техника-экономикалық колледжі және Астана техника-экономикалық колледжі жұмыс жасайды, онда көліктік-коммуникациялық кешеніне қажетті мамандық алуға мүмкіндік туғызады, ал болашақта – университеттен жоғары білім алады.
Қазіргі таңда Халықаралық көліктік гуманитарлық университетінде бакалавриат бойынша 10 оқыту бағыты (35 білім беру бағдарламасы), магистратура бойынша 8 даярлау бағыты (30 білім беру бағдарламасы) және докторантура бойынша 2 бағыт (3 білім беру бағдарламасы) бойынша кадрлар даярлануда.
2004 жылдан 2011 жылға дейін университетте: 05.22.06 – темір жол, темір жолды зерделеу және жобалау және 05.05.04.- жол, құрылыс және көтергіш -тасымалдау машиналары мамандықтары бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі мамандандырылған диссертациялық кеңес қызмет жасады.
Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігінде тіркелген «Қазақстан Өнеркәсіптік көлік» журналы және «Экспресс TЖ» газеті ХКГУ-да шығып тұрады.
Университет сонымен қатар, мынандай жоғары оқу орындарымен серіктестік байланыс орнатқан: Көлік университеті Чун Цин (ҚХР), Техникалық университеті Варна қ. (Болгария), Люблиндік техникалық университеті (Польша), Қолданбалы ғылымдар техникалық университеті Вилдау қ.(Германия), Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті , М.А.Бонч-Бруевича атындағы Санкт-Петербургск мемлекеттік телекоммуникациялық университеті , Мәскеу мемлекеттік қатынас жолдар университеті (ММҚЖУ), Петербургск мемлекеттік қатынас жолдар университеті (ПМҚЖУ), Сібір мемлекеттік автомобильді-жолдар академиямы (СібАЖА), Ташкент темір жол көлігінің инженерлері институты (ТашТКИИ), Қырғыз мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университеті (ҚМҚКСУ) және т.б.
<
УНИВЕРСИТЕТ МІНДЕТТЕРІ
Университеттің стратегиялық міндеттері:
АККРЕДИТАЦИЯ:
Қазақ қатынас жолдары университеті аккредиттелген ЖОО мәртебесіне ие.
Білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (БСҚА) Аккредиттеу Кеңесінің шешімімен Қазақ қатынас жолдары университеті 2021 жылға дейін аккредиттелді:
Біздің университетпен Виртуалды тур арқылы таныса аласыздар
№ 1 оқу ғимараттары
Тел: 376-74-78 (ішкі. 515), Факс: 376-74-81
Электрондық мекен-жайы: info@kups.edu.kz
Мекен-жайымыз:050063, Қазақстан Республикасы Алматы,
Жетісу-1 ықш-ауданы , 32а ү.,
№4 оқу ғимараты
Тел: 299-49-69
Электрондық мекен-жайы: info@kups.edu.kz
Мекен-жайымыз:050063, Қазақстан Республикасы Алматы
Мамыр-1 ықш-ауданы, Шаляпина к. 21/1 ү.